Мемлекет апаттан көз жұмған қазақстандықтар отбасына қандай көмек көрсетеді?
Фото: Orda.kz
Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмғандар арасында 6 Қазақстан азаматы бар. Мемлекет марқұмдардың отбасына қаржылай көмектеседі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
«Жазатайым оқиға салдарынан асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында қазақстандық 4 азаматқа қатысты әлеуметтік мәртебе белгіленеді. Марқұмдардың отбасындағы еңбекке жарамсыз мүшелеріне қатысты әлеуметтік көмектің қажетті көлемі айқындалады», - деді вице-министр.
Бұған дейін мерт болған 6 қазақстандық туралы ақпарат таратқан едік. Көз жұмған Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының тұрғындары, бірі Қостанайдікі, бірі Астанадан екені белгілі болды.
«Біз қайтыс болған барлық азаматтардың отбасына қажетті көмек көрсетеміз. Оның ішінде мәйіттерді жеткізу, жерлеу ісімен жүз пайыз өзіміз айналысамыз. Сонымен қатар заң бойынша барлық тиісті төлемдер дереу төленетін болады. Ертең таңертеңнен бастап бұл жұмыстың барлығы орындалады. Бұл менің жеке бақылауымда», - деді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды