Мектептерде 7-сыныптан бастап жаңа пән енгізілуі мүмкін

cover Фото: freepik.com

Қазақстанда мектеп оқушыларына 7-сыныптан бастап жаңа пән қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл ұсынысты бас прокурор Берік Асылов айтты. Ол қазақстандық оқушыларға 7-сыныптан бастап «Заң және тәртіп» атты жаңа пән енгізуді ұсынды. 

«Бүгінде жасөспірімдердің біразы өкінішке қарай, ауыр қылмыс жасап жатыр. Олар төбелестен бастап ауыр қылмысқа дейін барады. Алайда олардың көбі заңды бұзғанын білмейді. Олар қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатынын түсініп жүрген жоқ. Сондықтан оқушылардың құқық жайлы сауатын арттыру үшін жаңа пән қосуды сұраймыз», — деді Берік Асылов.

Асылов жасөспірімдер заңды білу арқылы тәртіпке үйренетінін айтты.

Еске сала кетейік, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 2 млрд теңгеге жаңа мектеп салынғалы жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар