Мектепте Мұқағалиді оқымадым: Ақынға тіл тигізген блогерді сотқа күштеп әкеледі
Фото: Orda.kz
Алматы қаласында Наурызбай аудандық сотында ақын Мұқағали Мақатаевты боқтаған блогерге қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетейік, былтыр 8 қазанда блогер Әлішер Теменов әлеуметтік желіде Мұқағалиды сорлы еркек деп әлемге жар салды. Мұқағали Мақатаевты былапыт сөздермен қорлап өзінің әлеуметтік парақшасына бейнежазба жариялады.
Әлішер Теменовке қатысты Қылмыстық Кодекстің 131-бабы 2-тармағы «Қорлау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраған. Қылмыстық істі Алматының Наурызбай аудандық сотында судья Бейнегүл Қайсина қарап жатыр.
22 мамыр күніне белгіленген кезекті сот отырысына айыпталушы блогер Теменов келмеді. Марқұм Мұқағалидің ұлы Жұлдыз Мақатаев блогердің бұл ісін ұятсыздық деп атады. Блогер тіпті судьяның көмекшісінің телефон қоңырауын көтеріп келмеген себебін түсіндірмеді.
Судья Бейнегүл Қайсина айыпталушы Теменовке қатысты сотқа күштеп алып келу туралы шешім шығарды.

Ақынның ұлы Жұлдыз ағамыздың айтуынша блогер кешірім сұрап келмеген. Бірақ блогердің әкесі ақынның туған жеріне барып халықтан кешірім сұраған деседі.
Youtube-та Әлішер Теменовтің Қарасазға келіп кешірім сұраған бейнежазбасы бар.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысының айтуынша блогердің адвокатының қылмыстық іске қатысуға лицензиясы жоқ. Ол жай заңгер.
Келесі сот отырысы 27 мамырға белгіленді.
Жаңалықтар
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді