«Маша, мен сені жақсы көремін!»: Темірлан Еңсебек үйқамаққа ауыстыруды сұрады

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Темірлан Еңсебек пен оның қорғаушылары судьяға үшінші өтінішін ұсынды. Өтінішінде өзін үйқамаққа ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Темірлан Еңсебектің адвокаты оның өтінішін қолдап, соттан бас бостандығынан айырудан бұлтартпау шарасына ауыстыруды сұрады.

«Отбасымды сағындым. Анамды көрмегелі үш ай болды. Сүйікті қызымды сағындым. Маша, мен сені жақсы көремін! Бұрын сотты болмағанымды ескерсек, қоғамға қауіп төндірмеймін», — деді Темірлан Еңсебек сотта.

Прокурор соттан бас тартуды сұрады. Судья өтінішті жауапсыз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетсек, бүгін сотта Темірлан Еңсебектің әкесі судьяға қазақша тіл қатып,  судья сот орысша өтетінін айтып, орысша сөйлеуді талап етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар