Марат Жыланбаев денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты

cover

Марафоншы және тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараевтың айтуынша, Марат Жыланбаев 12 ақпан күні аштығын доғарды.

«21 күн аштық ұстаудың өзі ерлік. Мен Жыланбаевтың шешімін толық қолдаймын. Қазіргі режим үшін денсаулықты құрбан етудің мәні жоқ» деді белсенді Амангелді Жахин.

Марат Жыланбаевқа «Экстремистік ұйымның ісіне араласты» және «Экстремизмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. Белсенді мен жақтастары істің саяси астары бар санайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар