Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі жігітті аяусыз соққыға жыққан кім?
Фото: Instagram.com (@cenzura_aktau)
Маңғыстау облысының полициясы оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жас жігіттің соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта тергеу қылмыстық кодекстің 108-бабы «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша басталды.
«Оқиғаның мән-жайын және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы құқық қорғау органдарының бақылауында», деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында даму ерекшелігі бар жігіттің соққыға жығылғаны белгілі болды.
Жәбірленуші Мақсат Құлмағамбетовтің туыстары бұл туралы әлеуметтік желіде жазып, прокуратурадан көмек сұраған еді.
Мақсаттың әпкесінің айтуынша, 2 қазанда анасы орталыққа кешкі ас апарғанда баласының бетінің ісіп кеткенін, денесінің көгергенін көрген. Туыстарының сөзінше, мекеме өкілдері болған жағдайды «тәрбиеленушілер арасындағы ойын» деп түсіндірген. Туыстары орталық қызметкерлері оқиға туралы хабарламағанын және бейнебақылау жазбаларын көрсетуден бас тартқанын айтады.
Жәбірленушінің суреттері әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, қолданушылар оқиғаны тексеріп, кінәлілерді жазалауды талап етті.
Жаңалықтар
- 8-наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды