Сотталған фотограф жұмыс істеген жерде: «Үкім бізді таң қалдырды» деп мәлімдеме жасады.

cover Фото: Ашық дереккөзден

Басылым олардың Азамат Кенжеғұловпен бірнеше жыл қызметтес болғанын растады. Алайда, фотографқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын редакция білмеген, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Іс бойынша сот процесінің аяқталуы аясында Esquire мәлімдеме жасауды маңызды деп санады. Басылым Азамат Кенжеғұловтың олармен тек жобалар бойынша жұмыс істегенін атап өтеді.

«Редакция Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық істің қозғалғанын және тергеудің барысы туралы білмегендіктен, сот үкімі оқырмандарымыз сияқты бізді де қатты таң қалдырды. Заңды және қазақстандықтардың құқығын сақтай отырып, әділетсіздіктің кез келген түрін барынша егжей-тегжейлі көрсету – біздің басылымның басты ұстанымдарының бірі. Кенжеғұловтың жасаған қылмысын кешірілмейтін қылмыс деп санаймыз», - деп хабарлайды Esquire. 

Азамат Кенжеғұлов – еліміздегі танымал фотографтардың бірі. Ол жетекші сән журналдарымен жұмыс істеді және жұлдыздарды суретке түсірді, курстар мен лекциялар дайындады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар