Маңғыстау облысында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысты

cover Фото: Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті

Полковник Мұрат Мұханов Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2020 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және апат салдарын жою министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар