Мамай: ҰҚК жалған хабарлама таратып жатыр

cover

Желіде «Демократиялық партия» бастамашыл тобының жетекшісі белсенді Жанболат Мамайға қатысты ақпарат тарады.

Ол жерде Мамайдың белсенділерге митинг алдында жіберген хаты көрсетілген.

Суретті желіде кімнің жариялағаны белгісіз. Orda.kz. журналисі Жанболат Мамайдың өзіне хабарласып, хабарлама туралы сұрап көрді.

 – Бұл фэйк парақшалардан таратылып жатқан дүниелер. Оның барлығын Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратып отыр. Биліктің істеп отырғаны. Ондай әңгімелердің талайы жүр. Биліктегілер ақпараттақ шабуыл жасағысы келеді. Телефон ұстаған адамның барлығы суреттің фэйк екенін ажырата алады,- дейді саясаткер.

Бұған дейін шетелдегі оппозиционер Барлық Меңдіғазиев белсенді Жанболат Мамайдың Бергей Рысқалиевтен ақша алатыны туралы «Дат» басылымына берген сұхбатында айтқан болатын. Мамай өз тарапынан дәл осы басылымға кері жауап қайтарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар