Макрон Украинаға әскер жіберуі мүмкін екенін жасырмады
Фото: Ашық дереккөзден
Франция президенті Эммануэль Макрон Ресеймен соғысып жатқан Украинаға көмек беретін әскер аттандыру мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Orda.kz порталы Azattyq-қа сілтеме жасай отырып.
«Бүгінде құрлықтағы әскер аттандыру мәселесі бойынша нақты консенсус жоқ, бірақ оны мүлде жоққа шығаруға да болмайды. Біз Ресей жеңбеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді Макрон Парижде өткен Еуропа елдерінің 20 жетекшісі бас қосқан жиында. Саммитке АҚШ пен Канада өкілдері де қатысқан.
Макрон «Украинаға қандай елдер әскер аттандыруы мүмкін» деген сұраққа нақты жауап бермей, әзірге «стратегиялық тұрғыдан екіұшты» жауапта қала беруді қалайтынын жеткізді.
«Саммит Макронның ұсынысы бойынша өткен. Онда Ресейдің Украинадағы әскери қимылдарына жауап қарастырылған. "Ресей Украинаны ғана емес, өзге елдерді де басып алғысы келеді, сондықтан үлкен қауіп туғызып отыр», — деді Макрон.
Кездесу кезінде кибер қорғаныс, Украинада қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаруға арналған бірлескен өндірісті жолға қою, Украина-Белорусь шекарасын нығайту, украин жерін минадан тазалау және Молдова сықылды Ресей тікелей қауіп төндіріп тұрған елдердің қорғанысын күшейту сынды мәселелер шешілді.
Мұнан өзге Макрон Украинаға алыстан соққы жасайтын зымыран мен бомба жеткізумен шұғылданатын жаңа коалиция құрылғанын хабарлады.
«Макронның сөзінше, Еуропа АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысын күтіп отыра алмайды. "Картаға Еуропаның болашағы қойылып тұр, сондықтан шешімді еуропалықтар қабылдауы керек. Егер бұған өзгелер де қосылғысы келсе, тіпті жақсы, оны бонус деп есептейміз», — деді Макрон.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр