Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса одан кешірім сұрады

cover Суретте Малика Қалдарбек

Аз ғана уақытта көптің назарын өзіне аудартқан «Ирина Қайратовна» тобы түсірген «Отыздан асып барамын» фильмінде әнші Мақпал Жүнісованың рөлін сомадаған актриса Малика Қалдарбек одан кешірім сұрады.

«Мақпал апай қазақтың ерке қызы. Қазақ тарихында орнын ойып алып тұрған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше қазақтың біртуар қызының рөлін берді деп қуанып, актрисалық карьерамдағы ең үлкен белестердің бірі деп қабылдап едім. Сіздің білмегеніңізден хабарым жоқ еді. Айтқандарыңызбен келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образды қолымнан келгенше ұятқа қалдырмай сомдап шықтым, шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз! Жастығым шығар, бір ауыз алдыңыздан өтпегенім» деп жазды ол өзінің әлеуметтік парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін әнші фильмді түсірушілердің оған бірауыз ескертпегені оның ашуына тиген. Ол оларды «менің жауым» деп те атады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар