Ұлы адамның тағдыры: өнер бар жерде, өмір де бар
Өнер адамы дегенде көзге салиқалы адам елестейді. Десек те, қаламынан ұлы туындылар шыққан жазушылар мен ақындар да сіз бен біздей қарапайым қоғам мүшесі. Оларда да менсінбеушілік, көре алмаушылық сияқты жағымсыз қасиеттер кездеседі. Қазақтың ұлылары да ішімдікке берілген, құмар ойындар ойнаған.
ORDA. редакциясы оқырмандарына мұрағаттарда, кітаптарда қазақтың ұлылары туралы көпшілік біле бермейтін тұстарын ашатын мәтіндерді ұсынады.
Қазақтың жазушыларымен жақынырақ танысқыңыз келсе бірінші кезек Қадыр Мырза Әлі атамыздың «Иірім» кітабын оқыған жөн. Эссе жанрында жазылған кітапта жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген біраз қазақ ақын-жазушыларының іс-әрекеттері, мінез-құлқы, ішкі дүниесі бейнеленген.
Кітапта Қадыр Мырза Әлінің «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарып жүрген кездегі Ілияс Есенберлин туралы естеліктері ойға салады. «Көшпенділер», «Алтын Орда» туындыларын жазған қазақтың алыбы кітапта «кәрі түлкі» деп бейнеленеді.
Қадыр Мырза Әлі – «Иірім» кітабынан үзінді:
Әнуар Әлімжанов ниет қылса, кез келген адаммен тіл табыса алатын тәп-тәуір жігіт еді. Бірақ оның түбіне жеткен Ілияс Есенберлин болды. Көпті көрген кәрі түлкі аңғалдау Әнуарды қалаған жауына алдап салды да отырды. Мен оның қарауында екі-үш жыл жұмыс істедім. Сол аз ғана жылдар аралығында Ілекеңнің талай-талай абыройсыз әрекеттеріне куә болдым. Рас, ол маған жамандық жасаған жоқ. Бірақ басқаға жасаған қиянаттарын өз көзіммен көрдім. Мен «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарып жүрген кезде Шәміл Мұхамеджановтың шағын бір томдығын шығардық. Ол менің қарауымда аға редактор болып қызмет істейтін. Бәрімізден де стажы үлкен. Бала-шағасы көп. Тұрмысы жұпыны. Соның әлгі шыққалы жатқан кітабының әр тармағына сол кездегі бір сом қырық тиыннан қаламақы қойғанмын. Оны бір сом жиырма тиынға түсірді. Директордың сөзі- соңғы сөз. Менің қолымнан ештеңе келмейді. Менің қолымнан келмеген нәрсе Шәмілдің қолынан мүлдем келмейді. Бірақ «алашағым кетсе де, айташағым кетпесін» деген мәтел бар емес пе?! Бірер күннен кейін баспаның ұзын дәлізінде жігіттер шылым шегіп тұрған-ды. Қасымыздан Ілекең өтті. Сол сәтте Ілекеңе қолын беріп амандасып жатқан Шәміл:
— Ілеке-ау, менен үнемдеген жиырма тиынмен қай жыртығыңызды жамайсыз? – деп қалды.
— Сен де жамамайсың. Бәрібір ішіп қоясың! – деді Ілекең қабағын түйіп.
— Ілеке, Сіз мені білмейді екенсіз ғой. Мен ешқашан өз ақшама ішпеймін! – деді Шәміл. Директор оны естісе де, естімеген болды.
Бірде бұл енді Ілияс Есенберлиннің Жазушылар одағына екінші хатшы болып істеп жүрген кезі, кабинетіне кіріп сөйлесіп отырған едім, асығып-үсігіп шофері келді.
— Ілеке, менің анам мына Талдықорған қаласында тұратын. Түн ішінде дүние салыпты. Соған барып, өз қолымнан жерлеп қайтуға рұқсат етіңіз! Бір-екі күнге машинаңызды бере тұрыңыз!
— Әрине! Әрине! Адамның анасы күн сайын өлмейді! Бара ғой! Бар! – деді. Ілекеңнің мынадай елгезектігіне, жанашырлығына ішім жылып қалды. Бірақ анасынан айрылған қаралы азамат рахметін айтып кабинеттен шыға бере Ілекең көмекшісіне телефон соғып:
— Ана Тайыр кетіп қалмай тұрғанда ұста! Талдықорғанға барып қайтуға рұқсат сұраған, барсын! Бірақ машинаны берме! Шешесі өлгендердің бәріне бірдей көлігімді бере берсем, өзім не мінем?! Бар! Тез! – деді. Осы сөзді естігенде жаңа ғана жылып сала берген ішім қайтадан суып қоя берді.

Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Атбасар қаласында ұста отбасында дүниеге келген.
Аштық заманында дүниеге келген Ілияс 5 жасында ата-анасынан айрылып жетім қалды. Әлсіреген, науқас 5 жасар Ілияс балалар үйіне жіберілді.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде Ілияс Есенберлин майданға аттанды. 1943 жылдың аяғында Есенберлин ауыр жарақат алып, бір жылға жуық госпитальда жатты.
«Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы — «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аударылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық айтқандық бола қоймас».
Нұрсұлтан Назарбаев
ORDA. оқырмандарын қазақтың ақын-жазушыларының көпшілік білмейтін тұстарымен таныстыруды жалғастырады.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
- Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
- Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды