Ұлттық мұражайдағы Назарбаев ескерткіші бұрышқа ығысқаны рас па?

cover Фото: Facebook / Серік Аббас-Шах

Желіде Ұлттық мұражайда орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бұрышқа шеттетілгені туралы ақпарат пайда болды.

Журналист Серік Аббас-Шах өзінің Facebook парақшасында осындай ақпаратпен бөлісті.

«Ұлттық музейдің директоры «быстро переобулся».

Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Назарбаевты орнынан алып, бірдеңе бүлдірген бала құсатып (теріс қаратып) бұрышқа тұрғызып (дұрысы отырғызып) қойыпты.

Дұрыс қой. Экс-министрдің сүйікті енесі өз «бизнесін» аяқтан тұрғызып алғалы қашан!!!

Бұдан былай, 82 жастағы қуғынбай зейнеткердің құны бес-ақ тиын. Ол өзін-өзі мақтап, көп мыжи беретін қауқарсыз шалдың бірі ғана. Ал қайын жұрты мықты Арыстанбекке енді оның көк тиын пайдасы жоқ?» делінген оның жазбасында.

Алайда мұражай қызметкерлері ескерткіш әлі де өз орнында екенін алға тартты.

«Құрметті оқырмандар! Әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз» деп жауап берді мұражай қызметкерлері.

Болжам бойынша, сурет ескерткішті орнатып жатқан кезде 2018 жылы түсірілген.

Еске салсақ тұңғыш президенттің бұл мүсіні 2018 жылы оның туған күніне орай 2018 жылы 10 шілдеде Ұлттық музейде орнатылған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар