Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындалды

cover Фото:gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресими сайты хабарлады.

– Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған байланысты Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар