LRT жобасына тағы 66 млрд теңге бөлінеді
Фото: Orda.kz
Астанадағы даулы LRT жобасына республикалық бюджеттен тағы 66 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бюджет жобасында «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі (LRT)» бағыты бойынша бұл қаражат тек қосылған құн салығын төлеуге жұмсалатыны көрсетілген. Қала әкімдігі мен көлік министрлігі бұл ақпаратты растады.
«66 млрд теңге республикалық бюджеттен LRT жобасы бойынша ҚҚС төлеуге бөлінеді. Бұл қаражат кейін сол салық түрінде қайтадан республикалық бюджетке түседі», деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Яғни, мемлекет қаржыны бір шоттан екіншісіне аударып, кейін оны салық ретінде қайта қабылдайды.
Айта кетсек, Астана LRT жобасындағы қаржы жымқыру ісі бойынша халықаралық іздеуде болған Талғат Ардан жуырда Түркияда ұсталды.
Жаңалықтар
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды