Ломбарттағылар мәйітханада өлген адамдарды қорлаған күзетшіні ұстап берді

cover Фото: Envanto

Алматыда мәйіттерге қиянат жасады деп айыпталған 44 жастағы Александр Беляевтің соты басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Александр Беляев Алматыдағы мәйітханада күзетші болып жұмыс істеген. Ол былтыр көктемде смартфонын кепілге қойып, артынан қамауға алынды. Ер адамнан телефонның өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұраған және онда өлген адамдардың өте оғаш фотолары мен видеолары болған.

Ломбард қызметкерлері полицияға хабарласып, бейнежазбаның скриншотын да жіберді. Көп ұзамай күдіктінің күзет компаниясының қызметкері екені белгілі болды. 

Тергеу жұмыстары 8 айға созылып Беляевқа қатысты тергеу аяқталды. Ол 314-баптың 2-бөлігі – «Марқұмдардың денесін бірнеше рет қорлау» бойынша сотталады. Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам бұл әрекеттерді ес-түссіз күйде жасаған. Енді сот Беляевқа қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану-қолданбауды шешуі керек. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар