ЛГБТ үлкен күнә әрі ашық арсыздық – бас имам

cover Фото: Muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТ қауымдастығына қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Муфтият жариялаған видеода еліміздің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ЛГБТ-ның үлкен күнә әрі ата-баба жолына қайшы келетін жат түсінік екенін айтты.

«Мұсылмандар діни басқармасы өз тарапынан арнайы пәтуа шығарды және мәлімдеме жасады ЛГБТ-ға қатысты. Бұл әрине біздің ұлттық құндылығымзыға , салт- дәстүрімізге, ата-баба жолына қарсы дүние. Өкіншіке қарай, батыс елдерінде келіп қазіргі таңда біздің елімізде де төбе көрсетіп жатқан бұл арсыздықтың алдын алуымыз қажет. Ата салтын берік ұстанған азамат ретінде, әрине, бұған біз қарсымыз. Өйткені бұл ашық арсыздық дүние, үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар