«Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласына ашылмай жатып, нашар пікірлерге тап болған «Ленина 36» дәмханасы өздерінің Instagram парақшасына атауын өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Олардың мәліметтеріне сүйенсек, дәмхананың атын өзгерту жобаны сақтап қалуға себеп болады.

«Жобаның барлық құндылығын сақтап қалу үшін, пікірлеріңізді тыңдай отырып, жобаның атын өзгертуді шештік. Жақын арада біздің жобаның жаңа атауын жариялайтын боламыз» деп жазылған жазбада. 

Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушылары Алматыда жаңадан ашылып жатқан дәмхананың аты «Ленина 36» болғандықтан, көбі кереғар пікірлер жазған болатын. 

Еске сала кетейік, бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар