Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттері жабылады

cover Фото: element.evento.com

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты 21-23 наурыз аралығында автомобиль өткізу бекеттері жабылады.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі теміржол бекеттері қалыпты режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

«2024 жылғы 21 наурыздан 23 наурызға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүргізілмейді» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар