Қытайға жүк көлігін айдап барып, шекарада ұсталған Қазақстан азаматының соты болады
Фото: Азаттық радиосы
Қытайда туып, Қазақстанға көшіп келіп азаматтық алған Әлімнұр Тұрғанбай Қытай түрмесінде отыр. Оның соты 17 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Әлімнұр Тұрғанбайдың отбасы «ашық сотқа» шақырту алды. Тұтқынның туыстарының айтуынша, 5 қыркүйек күні Қытай жағынан сондай «ауызша хабарлама» келген. Олар нақты кімнен, қалай келгенін ашық айтпады. Сонымен қатар, Әлімнұр Тұрғанбайға тағылған айып жөнінде ешқандай құжат берілмеген.
«Қытайда қамалғалы 50 күн болды. 50 күннен бері Қазақстаннан қанағаттанарлық жауап берілген жоқ», — деді Әлімнұр Тұрғанбайдың жұбайы.
Айта кетейік, Әлімнұр Тұрғанбай 23 шілде күні жұмыс бабымен Шыңжаңға кетіп, сол күйі оралмады. 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қазақстаннан Қытайға жүк көлігін айдап барған. Ол тауар тиеп алып, кері қайтпақшы болғанда шекарада ұсталған. Қытай жағы Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын растап, оның әлі де Қытай азаматы екенін, Қытайда қос азаматтық танылмайтындығын атап өтті. Алайда туыстары бұл деректі жоққа шығарады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты