Қылмыстық топ 80-нен астам адамға заңсыз құжат рәсімдеген

cover Фото: ҰҚК

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласында заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат қағазын ресімдеген. 

Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.

«Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар