КВН саңлағы Александр Масляков өмірден өтті

cover Фото: Telegram/КВН

83 жасында КВН-нің тұрақты жүргізушісі, аңызға айналған тұлға Александр Масляков дүниеден озды, деп хабарлады Orda.kz.

Бұл туралы КВН баспасөз қызметі:

«2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол миллиондаған көрермен мен КВН қатысушылары үшін мәңгі аңыз болып қалады», деп мәлімдеді.

Масляков 1964 жылдан бері «КВН» бағдарламасын жүргізіп, әзіл мен сатираның нағыз символына айналды. Өз мансабында ол көп марапаттарға ие болып, «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденінің толық кавалері атанды. Сондай-ақ, «АМиК» шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушы ретінде отандық теледидар тарихында өшпес із қалдырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар