Құжаттарды шұғыл рәсімдеу қымбаттайды

cover

2024 жылғы 26 шілдеден бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел дайындау жөніндегі қызмет тарифтеріне өзгерістер енгізіледі.

ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес тарифтік өзгеріске ұшырайтын келесі санаттар көрсетілген: ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте құжаттарды шұғыл дайындау үшін қосымша ақы талап етіледі:

  • жеделдіктің бірінші санаты (бір жұмыс күніне дейін): 3011,12 теңге;
  • жеделдіктің екінші санаты (үш жұмыс күніне дейін): 1581,14 теңге.

Облыс орталықтарында:

  • жеделдіктің бірінші санаты (үш жұмыс күніне дейін): 3011,12 теңге;
  • жеделдіктің екінші санаты (бес жұмыс күніне дейін): 1581,14 теңге.

Облыстардың аудандары мен қалаларында: жеделдіктің үшінші санаты (жеті жұмыс күніне дейін): 605,31 теңге.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар