«Құшақтағысы келді, қолымды көтергенде құлады»: Амантай қажы әйелге күш көрсеткенін жоққа шығарды
Фото: Orda.kz
Алматыда қоғам белсендісі, ақсақал Амантай Асылбекке (Амантай қажы) қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол егде жастағы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген, деп хабарлайды Orda.kz.
Спорт кешенінің медбикесі Биғайша Бектенбаева жамбас сүйегі сынып, ауруханаға түскен. Ақсақалдың айтуынша, «әйелдің оны құшақтағысы келген», ал ол тек қолын көтерген (немесе оның қолын итерген), сөйтіп Биғайша Бектенбаева құлап қалған...
«Бұл — жала. Ештеңе болған жоқ. Мен стадионға жиі барамын. Сол жерде маған қарай Биғайша есімді әйел шықты. Өзі мас, «о-о-о» деп құшақтауға ұмтылды. Мен иманды адаммын, ондай әрекетке қарсымын. Қолын қағып жіберіп едім, ол «ой» деп құлап қалды. Қасында бір жігіт болды, «көтер» дедім. Бірақ оның басқа ойы болған сияқты. Менің жауларым көп. Не жоспарлағанын білмеймін», — деді Амантай қажы.
Ол ешкімге күш қолданбағанын айтып, бұл жағдайды өзін қаралау үшін жасады деп есептейді.
«Мен оны ұрған жоқпын. Кейін ауруханаға өзім бардым, журналистер де келді. Барсақ, өзі шай ішіп, жайбарақат отыр. Ештеңе болмағандай», — деді ол.
Қоғам белсендісі кенеттен парақорлық туралы айтып, шенеуніктерді сынауға көшті. Одан әрі ойын жүйелі жеткізе алмай көп сөзді көпіртіп кетті... Амантай қажының сөздерін жазып алып, қарап көрдік. Жариялаудың қажеті жоқ секілді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ол кісінің ойынша — «сол әйелді әлдебір парақорлар сатып алған».
Айта кетейік, бүгін Алматы халқы аңызға айналған қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды