Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда «Bishimbayev University» аша ма?

cover Фото: Liter.kz

Таразда «Bishimbayev University» оқу орны ашылатыны туралы ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың Таразда «Bishimbayev University»  жоғары оқу орнын ашып, оны басқаратыны жайлы ақпарат тарады. Университетке жаңа оқу жылынан бастап студенттерді қабылдайтыны айтылған. 

Білім ордасының негізгі бағыты – құқық саласы. Азаматтық, қылмыстық, халықаралық, корпоративтік, қаржылық, салықтық құқық, сондай-ақ интеллектуалды меншік және арбитраж құқықтарынан дәріс береді деп жазылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қуандық Бишімбаевтың әкесі басқармақшы болған «Bishimbayev University» атты оқу орнының ашылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

«„Е-лицензиялау“ жүйесінде лицензияға өтініш жоқ. Заң бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген қызмет міндетті түрде лицензия алуы қажет», деп еске салды министрлік.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтіріп, 24 жылға сотталды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар