ҚР ҰҚК: Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы Жақсылықовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ
Фото: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ, деп хабарлайды Orda.kz ведомствоның редакция сауалына берген жауабын негізге алып.
Жақсылықовтың атына қатысты ақпараттық дүрбелең 14 маусым таңертең пайда болды. Бірқатар БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, оның ұсталғаны туралы хабар таратты. Еске салайық, генерал қызметінен 8 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен босатылған болатын. Алайда көп ұзамай Руслан Жақсылықов журналистерге байланысқа шығып, үйінде екенін және ешкімнің оны ұстамағанын мәлімдеді.
Orda.kz дереккөздерінің мәліметінше, экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпараттың пайда болуына Қорғаныс министрлігіндегі тергеу әрекеттері себеп болуы мүмкін. Бұл оқиғалар (Жақсылықовтың отставкасы да) Қазақстан армиясының әскери бюджетінің едәуір ұлғайып, қайта қарулануы аясында болып отыр.
Руслан Жақсылықов қызметінен босатылардың алдында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылғаны туралы хабар тараған еді. Екі күннен кейін Қорғаныс министрі отставкаға кетті.
Бұған дейін біз Руслан Жақсылықовтың жұбайы өзінің әніне түсірген бейнебаянына әскери қызметшілер мен әскери техниканың қатыстырылғаны туралы жазған едік. Қорғаныс министрлігі бұл Ұлттық ұлан әскерлерінің имидждік бейнебаяны болғанын мәлімдеген.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты