ҚР ІІМ-нің есірткіге қарсы комитеті басшысын тергеу басталды

cover Фото: gov.kz

Ішкі істер министрі есіркіге қарсы комитетінің басшысы Данияр Мейірханға қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы блогер Дастан Қабылбеков өзінің әлеуметтік желісіне жариялады. Оның айтуынша, бірнеше қызметкер Данияр Мейірханның үстінен арыз түсірген. Блогер басшы өз қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыруы мүмкін екенін айтты.

Ішкі істер министрлігі де осы оқиға бойынша жауап берді. Олардың сөзінше, қызметкерлердің өтініштері бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелді.

«Заңнамаға сәйкес әрбір өтініш міндетті түрде тіркелуі және тексерілуі керек. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», деп жауап берді ішкі істер министрлігі.

Данияр Мейірхан бұған дейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдары бөлімінде жұмыс істеді, полиция департаментінде басшылық қызметте болды, сондай-ақ ІІМ Қостанай академиясында қызмет атқарды. Тек 2025 жылдан бастап Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетін басқарады.

Оқи отырыңыздар:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар