Қостанайда салмағы жеті келіге жуық алып сәби дүниеге келді

cover Фото: Қостанай перинаталдық орталығы

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы жеті келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын нағыз батыр дүниеге келді, деп хабарлайды Orda.kz.

Баланың есімі Рауан. Бұл жас қостанайлықтар отбасындағы үшінші бала. Жаңадан дүние есігін ашқан батырды үйінде үш жасар егіз қарындастары асыға күтіп отыр.

«Бұндай жағдай мамандардың ерекше назарын талап етеді. Қазір босанған әйел мен жаңа туған нәресте өздерін жақсы сезінеді. Батырдың анасы БАҚ-та өз атын атағысы келмеді, дегенмен ол перинаталдық орталық ұжымына кәсіби шеберлігі, ана мен балаға жасаған қамқорлығы үшін алғысын білдірді», деп жазылған хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар