Қостанайда медициналық ұйымдардың 47 қызметкері жазаланды

cover Фото: Freepik

Қостанай облысының прокуратурасы Рудный қаласында 1950 азаматтың әртүрлі аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғанын және биыл қажетті дәрілермен толық көлемде қамтамасыз етілмегенін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Рудный қаласында биыл әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрған 1950 азамат қажетті дәрілік заттармен толық көлемде қамтамасыз етілмеді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медициналық ұйымдардың 47 қызметкері жазаланды, дәрілік заттар сатып алынды»,  деп мәлімдеді прокуратура.

Прокуратура Конституция мен «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс бойынша азаматтардың кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін дәрілерді тегін алуға құқығы бар екенін еске салады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар