Ақмола облысында науқасқа қарамай кеткен жедел жәрдем қызметкері сотталды
Фото: Ольга Ибраева/Orda.kz
Қосшыда жедел жәрдем қызметкері жүрек талмасы бар науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартқаны үшін үш жыл алты айға сотталды. Ол қарамай кеткен соң науқастың денсаулығы нашарлаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот мәліметтеріне қарасақ, фельдшер науқасты қарамай, ауруханаға жеткізуден бас тартқан.
«Сот мынаны анықтады: фельдшер А.жүрек ауыруына шағымданған науқас үйіне шақырған соң келіп, тиісті медициналық көмек көрсетпеді және науқасты ауруханаға жатқызу үшін ауруханаға жеткізуден бас тартты. Кейіннен науқас медициналық көмек алу үшін ауруханаға өз бетінше баруға мәжбүр болды. Оған жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, стенттеу, кардиогенді шок, клиникалық өлімнен кейінгі жағдай деген диагноз қойылды», деп хабарлады Ақмола облысы Қосшы сотының баспасөз қызметі.
Науқастың жағдайы өте ауыр болды, дәрігерлер клиникалық өлім фактісін тіркеді. Сот отырысы облыстық жедел медициналық көмек станциясының және Қосшы қаласындағы поликлиника қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
«Жаза тағайындау кезінде сот кінәлінің жас екенін, қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын назарға алды. А. сот үкімімен медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылып, үш жыл алты ай бас бостандығын шектелді», деп хабарлады Ақмола облысы Қосшы сотының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз