Қосшыда әкімнің орынбасары прокурор талаптарын орындамағаны үшін жазаланды
Фото: tengrinews.kz
Ақмола облысы Қосшы қаласында әкімнің орынбасары бюджеттік заңнаманы бұзғаны, прокурордың ұсынымына уақтылы жауап бермегені және прокурорды оның қаралатын уақыты мен орны туралы хабарламағаны үшін жазаланды.
Оған Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша 370 000 теңгеден астам айыппұл салынды.
"Прокуратура туралы" Конституциялық заң талаптарына сәйкес, прокурорлық қадағалау және ден қою актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті.
Лауазымды тұлғаның прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыруы не онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы, сонымен қатар уақтылы жауап бермеуі (ӘҚБтК-нің 664-бабы), 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады.
Сондай-ақ прокурорды қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарламауы немесе уақтылы хабарламауы (ӘҚБтК-нің 666-бабы) 200 АЕК-ке дейін мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады.
Егер прокурорлық қадағалау актілерін орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, онда бұл Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша қудаланады.
Осыған ұқсас бұзушылық бойынша ЖАО тағы екі лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды