Қошанов Ресейге ресми сапармен келді

cover

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Ресейге ресми сапармен келді.

Бұл туралы Мәжіліс баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған. Мәскеуде Ресей мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.

Казанда Мәжіліс төрағасы Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар