«Қоршалмаған шұңқыр»: Шымкентте 6 жасар баланың қазасынан соң 2 кәсіпкер қамалды
Фото: Видеодан кадр
Шымкентте қоршалмаған шұңқырға құлаған 6 жасар баланың қазасына қатысты 2 кәсіпкер қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметіне қарасақ, 2024 жылы Тұран-1 шағынауданында кәріз құбыры жарылған. Оны жөндеуге келгендер тереңдігі 3 метрлік шұңқыр қазып тастап кеткен. Уақыт өте келе оған кәріз суы толып кетіпті. Жергілікті билік жұмысқа мердігерді жалдаған. Олар тағы бір компанияға тапсырған. Алайда шұңқыр сол күйі бітелмеген.
Енді 2 кәсіпкер уақытында апаттың алдын алмағаны үшін ұсталды. Олар қауіпті аумақты қоршау және ескерту белгілерін де қоймаған.
Айта кетейік, сәуір айының ортасында Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы құрылыс орнындағы қоршалмаған шұңқырға құлап мерт болған еді.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз