Үндістанда Дельта Плюс коронавирустық штаммы анықталды

cover

Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың жаңа штамын  жұқтырған 20 адам анықталды, оған «дельта плюс» деген ат берілді Коронавирустың жаңа шатаммы туралы Үндістан теледидары эфирінде Медициналық білім және зерттеулер бөлімінің бастығы, доктор Татьярао П.Лахан мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Вирустың жаңа түрі мутацияның болуымен ерекшеленеді, бұл ауруынан айыққан және вакцина салдырған адамдардағы антиденелердің белсенділігін төмендетуі мүмкін.

— Нави-Мумбай, Палгар және Ратнагириден біз дельта плюс штаммын таптық. Біз талдау жүргізу үшін үлгілер жібердік, енді нәтижесін күтеміз, - деді Татьярао П.Лахан.

Лахан сонымен қатар Ратнагири порт қаласында жаңа штамды инфекцияның бес жағдайы тіркелгенін айтты. Коронавирустың таралуын тоқтату үшін билік арнайы аймақтар құрып, коронавирустың жаңа нұсқасын тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар