Коронавирус салдарынан жиі көз жұматындар кімдер?

cover

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс реаниматолог-анестезиологы Тілеуберді Қуандықов РСК сайтында хабарлама жасады. Ол өткен онлайн брифинг барысында коронавируспен ауыратын науқастарда көптеген созылмалы аурулар қатар жүретінін айтқан болатын.  

Ол орташа есеппен реанимация бөлімшелеріндегі науқастардың 15-20% -ы өте ауыр және тұрақсыз жағдайда деп мәлімдеді.

 «Олардың қатарына жүрек ауруы, қант диабеті, бауыр циррозы, бірнеше рет химиялық терапиядан өткен, иммунитет тапшылығы жағдайындағы онкологиялық науқастар жатады», - дейді дәрігер.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар