«Үнділік штамм» Қазақстанда болуы ықтимал

cover

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг нәтижелері бойынша «Дельта» штамына (үнділік штамм) тән мутацияға күдікті жағдай анықталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық талдау аяқталғаннан кейін белгілі болады.

«Дельта» коронавирус штамы аса тез тарайды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ке жоғары. Қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға жұғатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден таралады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Індет жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «үнділік» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта штамы» әлемнің 174 елінде анықталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар