Король өлімі әлі расталмады
Фото: Ашық дереккөзден
Букингем сарайы болған жайтты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Ұлыбритания королі III Чарльздің қайтыс болғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде пайда болған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Монарх тірі және қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыруда» деді Букингем сарайы.
Бұл ақпаратты Ресейдегі Ұлыбритания елшілері де мойындамады.
«Король III Чарльз 17 наурызда қайтыс болды» деген дақпырт ақпарат бірқатар ресейлік БАҚ пен Telegram арналарда пайда болған-ды. Жарияланымдар Букингем сарайының ресми мәлімдемесінің скриншотымен бірге жүрді. Алайда, британдық БАҚ мұндай хабарларды жарияламағанын мәлімдеді.
Тілге тиек етсек, биыл ақпан айында 75 жастағы ІІІ Чарльз қатерлі ісікке шалдыққаны мәлім болды. Дәрігерлер ІІІ Чарльз-ға көпшілік шараларды кейінге қалдыруға кеңес берді. Патша «тұрақты емделе» бастады. Қазір ол ресми іс-шараларға тұрақты қатыспаса да, сарай ішіндегі жұмыстарды атқарып жүр.
Монарх қайтыс болған жағдайда «Менай көпірі» деп аталатын жоспар әзірленеді. Елдегі билік тақ мұрагері ханзада Уильямға беріледі.
Сондай-ақ, монархтың 17 наурызда өлгені туралы ақпаратты ресейлік БАҚ-тар жариялаған деген мәлімет тарауда.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен