«Компьютерге тыйым салғаны үшін»: 15 жастағы бала анасын балталап өлтірді

cover Фото: freepik.com

15 жастағы бала компьютерлік ойындарға тыйым салғаны үшін анасын балталап өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сәрсенбі күні таңертең Александра ұлына бірнеше рет компьютерлік ойындар ойнағаны үшін ұрысқан. Ашуға булыққан ұлы балтаны алып, жатын бөлмеде отырған анасына шабуыл жасаған. Жасөспірім анасын өлтіргеннен кейін, полицияға өзі хабарласқан. Анасын өлтіріп алғанын айтқан. 

48 жастағы марқұм Александраның көршілері болған жағдайға таң қалды.

«Бала тыныш және тұйық болды. Бізбен сәлемдеседі, бірақ жақын араласпайды. Ол мектепке де сирек барады. Көбінде компьютер ойнап отырады», - дейді жасөспірімнің көршілері. 

Тергеушілер үй ішінде балта тұрғанына күмәнмен қарады. Көршілердің айтуынша, жігіт бәрін атып тастағысы келетінін, ата-анасының керегі жоқ екенін жиі айтып жүрген көрінеді. Жасөспірім анасын өлтіруге алдын ала дайындалған болуы мүмкін. 

Мамандар балалардың компьютерде «ату ойындарына» тәуелді болуы осы жағдайға алып келгенін айтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар