Көлікті құрбысы басқарған: Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына қатысты түсініктеме берді
Фото: Ашық дереккөздерден
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тасжолда Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апатынан екі адам қаза тапқан еді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, спортшының жұбайы куәгер ретінде танылып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Гүлайым Рахмонова ұлымен және екі құрбысымен бірге Қарағандыдан Алматыға жол тартқан. Ол тізгіндеген Toyota Land Cruiser Алматы – Екатеринбург бағытындағы жолдың 296-шақырымында, Ақсуйек ауылының маңында аударылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмаған.
Апат салдарынан 39 жастағы З.А. оқиға орнында қаза тапты. 35 жастағы тағы бір жолаушы — А.С. — Мойынқұм аудандық ауруханасына бара жатқан жолда көз жұмды. Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы — орташа ауырлықта.
«Ота қажет емес. Пациенттер динамикалық бақылауда», — деді аурухана өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сараптамалар тағайындалған.
«Қазіргі уақытта сіз атап өткен азаматша қорғау құқығы бар куә ретінде сұралды. Ол Алматы қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша оған қатысты процессуалдық шешім қолданыстағы заңнама аясында қабылданады», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Гүлайым Рахмонова өз түсініктемесінде көлікті өзі емес, қаза тапқан құрбыларының бірі басқарғанын айтқан. Оның сөзінше, жолда шаршауына байланысты көлік тізгініне құрбысын отырғызған.
Жаңалықтар
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен