Көктемде диқандарға арзан жанармай беріледі
Қазақстандық диқандарға көктемгі дала жұмыстары кезінде арзандатылған дизель отынын беруге уәде етілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары кезінде дизельдік отынды арзандатылған бағамен беруге уәде етілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизельдік отын жеткізу үшін өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына бөлу кестесін» бекітті. Энергетика министрлігі тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының ұсынылатын бағасы литріне 250 теңге, бұл жанар-жағармай құю станциясындағы бөлшек сауда бағасынан 15 пайызға төмен. Ұсынылған баға барлық 17 облыс үшін бірдей және көлік шығындары мен ауыл шаруашылығы жанармайын жеткізу бойынша аймақтық операторлардың маржасын қамтиды» делінген хабарламада.
Кестеге сәйкес 2024 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығында Қазақстанның 20 өңірінің 17-сінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (ауыл шаруашылығы өнімдері) 340,2 мың тонна дизель отынын бірінші кезекте тиеу және жеткізу жоспарланған, оның ішінде: ақпанда – 45 мың тонна, наурызда – 90,4 мың тонна , сәуірде – 92,8 мың тонна , мамырда – 103,4 мың тонна және маусымда – 8,6 мың тонна.
Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өндіретін дизель отынын жөнелту және жеткізу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Petrosun» ЖШС ресурстары есебінен жүзеге асырылады.
«Қазіргі таңда облыс әкімдіктері жанындағы арнайы комиссиялар Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жанар-жағармай жеткізу бойынша өңірлік операторларды анықтауда. ҚР Энергетика министрлігі «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұнай өңдеу зауыттарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын жөнелтудің басымдығына кепілдік береді» деп толықтырды мекеме.
Жаңалықтар
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді