Көкшетауға неліктен қатаң сөгіс алған шенеунік әкім болып тағайындалды?
Фото: Көкшетау қаласының әкімдігі
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов брифингте Әнуар Күмпекеевтің Көкшетау әкімі қызметіне тағайындалу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салсақ, Күмпекеев бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін қатаң сөгіс алған болатын. 2018 жылы Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарған кезде ол қызметтік пәтерді 49 миллион теңгеге сатып алғаны үшін жазаланған. Ал 2019 жылы ол 6 миллион теңге тұратын жиһаз сатып алғаны үшін қатаң сөгіс алды. Сол кездегі Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың сынына ұшыраған еді.
Соған қарамастан, Марат Ахметжанов Күмпекеевтің қызметке тағайындалуына ешқандай құқықтық кедергілер жоқ екенін мәлімдеді.
«Ол барлық инстанциялардан келісімнен өтті. Тағайындау кезінде оның білімі мен кәсіби тәжірибесі ескерілді. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсы біледі. Степногорск қаласында жеті жыл жұмыс істеген, соның төрт жылында қала әкімі болған»,
— деп атап өтті Ахметжанов.
Әкімнің айтуынша, тағайындау өңірдегі ірі жобалардың, соның ішінде ЖЭО және басқа да инженерлік нысандар құрылысының басталуына байланысты. Сондай-ақ, үміткердің кәсіби қабілеттері ғана емес, қала алдында тұрған міндеттерді шешуге дайындығы да ескерілген.
Брифингте Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында Қазақстанның үш қаласында көмір электр станцияларын салу туралы келісімнің егжей-тегжейін айтып берді.
Еске салайық, электр станцияларын ресейлік «Интер РАО» компаниялар тобы салатын болады. Марат Ахметжановтың айтуынша, жобаны іске асырудың белсенді кезеңі 2025 жылдың жазында басталады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты