КҚК инфрақұрылымына шабуылдан кейін ЖАҚ-3 жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: КҚК
Каспий құбыр консорциуымының айлақтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейін ЖАҚ-3 нысанындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін консорциум КҚК-ның теңіз терминалындағы ЖАҚ-3 (жылжымалы айлақ құрылғысы) жүктеу құрылғысында жөндеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Жоспарлы-алдын алу жөндеуі аясында бұл нысанда су астындағы суағар мен икемді құбырлардың бір бөлігі ауыстырылды.
21 қаңтарда ЖАҚ жүк жүйесіне гидравликалық сынақтар жүргізілді, одан кейін су астындағы мұнай құбырында сүңгуірлер соңғы манифольдті ашты. Ал 25 қаңтарда мұнайды қайта тиеу үшін танкерді айлаққа қою жұмыстары жүзеге асырылды.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі мен көлемі КҚК ЖАҚ-2 нысанына экипажсыз катер арқылы жасалған шабуылдан, оның зақымдалып, жұмысын тоқтатуынан кейін оңтайландырылған.
«Осыған байланысты жылдық жоспарларға сәйкес мұнай жөнелтушілердің өтінімдерін орындау кемінде екі ЖАҚ бір мезгілде жұмыс істеген жағдайда толық қамтамасыз етілетінін атап өтеміз. ЖАҚ-3-тегі шлангілерді ауыстыру жұмыстары күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүргізілді. Су астындағы ағындар жылдамдығының жиі өзгеруіне байланысты сүңгуірлер тобының қауіпсіз түсу жұмыстары бірнеше рет тоқтатылды, бұл жылдың осы кезеңіне тән құбылыс» деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта консорциумның теңіз терминалында мұнай жөнелту қалыпты режимде, КҚК ЖАҚ-1 және КҚК ЖАҚ-3 арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Еске салсақ, Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск порты акваториясындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына шабуыл жасалғаннан кейін мұнайдың экспорттық көлемін баламалы бағыттарға шұғыл қайта жібере басталғанын жариялады.
Қазақстанның СІМ Новороссийск теңіз портының акваториясындағы халықаралық Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылға байланысты наразылық білдірді.
«Қазақстан жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде энерготасымалдаушыларды жеткізудің тұрақтылығы мен үздіксіздігін сақтауды үнемі қолдайды. Әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда КҚК маңызды рөл атқаратынын атап өтеміз. Болған оқиғаны Қазақстан мен Украинаның екіжақты қарым-қатынастарына нұқсан келтіретін әрекет ретінде қарастырамыз және Украина тарапынан болашақта осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды күтеміз» деп жазылған болатын хабарламада.
Оқи отырыңыз:
- КҚК теңіз терминалынан мұнай төгілді
- Теңіз кен орнындағы өртті тергеу үшін комиссия құрылды
- Қазақстан КҚК-дегі іркілістерге қатысты мұнай жеткізу бағыттарын өзгертті
- КҚК-ға шабуыл: Қазақстан мұнайды баламалы бағыттарға жіберетінін мәлімдеді
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз