«Кісі өлімі»: Павлодарда моншадағы төбелестен ер адам қаза тапты

cover Фото: freepik.com

Павлодарда моншалардың бірінде төбелес болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бірнеше ер адам моншаға келген азаматтарды соққыға жыққан. Олар жәбірленушілер қозғала алмай қалғанша ұрып-соға берген. Ауыр соққы салдарынан бір адам көз жұмды. 

Күдікті екі жігіт ұсталды. Екеуінің үстінен бір адамның өлімі үшін «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайлары мен себептері тергеліп жатыр.

Еске салайық, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында 23 жастағы офицер-оқытушының денесі табылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар