«Кінәлілер табылмады»: Құбырдың зақымдануынан алматылықтар газсыз қалды

cover Фото: freepik.com

Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәріз құбырларын орналастыру кезінде жерасты газ құбыры зақымданды. Салдарынан мыңға жуық алматылық газсыз қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаланы газбен қамтамасыз ететін «QazaqGaz Aimaq» компаниясының мәліметінше, Захаров көшесінде төтенше жағдай орын алған. Ол жерде қай компания жұмыс істегені, кімнің құбырды зақымдағаны әлі белгісіз. Жөндеу жұмыстары кезінде газбен жабдықтау уақытша тоқтатылған. Сол себепті көп қабатты үйлердегі 8048 пәтер, 2543 жеке үй және 67 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды. 

«Мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инженерлік коммуникацияларға жақын кез-келген жұмыс тиісті қызметтердің рұқсатымен және бақылауымен жүргізілуі керек. Бұл ережелерді бұзу адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін апаттарға әкелуі мүмкін», - деп мәлімдеді «QazaqGaz Aimaq» АҚ.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар