Әкімдерді сайлау не болды? Тоқаев дайындық туралы ақпарат алды

cover

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Тоқаевқа ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында ауылдық округтің құрамына кірмейтін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, елді мекендер мен ауылдардың әкімдерін алдағы сайлауға дайындығы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, пандемия жағдайында сайлауға қатысушылардың денсаулығын қорғау шаралары қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақорда

Еске салсақ, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің тұрғындарына әкімдерді таңдау құқығы беріледі. Бюллетеньдерде «бәріне қарсы» деген баған болады.

Парламент Мәжілісінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және оған ілеспе заң жобасына тиісті түзетулер ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2045 жылға дейін 2345 әкімді сайлауға 17,6 млрд теңге жұмсау жоспарланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар