Кеншілер қаза тапқан шахтада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

cover

Шахта басшысы Сергей Дудкин кеніште жөндеу ауысымы болғанын, онда ағымдағы техникалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz

Бүгін әдеттегі жұмыстар жүргізіліп, жөндеу ауысымы қажетті материалдарды жеткізді.

- Таңертең жағдай тұрақты болды. Барлық газ факторлары/көрсеткіштер тұрақты жағдайды көрсетті, - деп түсіндірді шахта басшысы.

Оның айтуынша, жер астында 9 адам болған, кіре беріске жақын тұрған бір адам өз бетімен шығып үлгерген. Екі кеншіге көмек көрсетілді, олар қазір де дәрігерлердің бақылауында. Алты адам қайтыс болды.

– Компания басшылығы, шахта әкімшілігі қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барды. Апат техногендік сипатқа ие. Барлық қажетті көмек көрсетіледі, отбасыларға қажеттінің бәрі жасалады, - дейді Сергей Дудкин.

Құтқарушылар әлі де жұмыс істеп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін келесі жұмыстар атқарылады.

Қаза болған кеншілердің денелері жер бетіне шығарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар