«Келіссөз орнына мүрделерді алдық!»: ХАМАС-қа қарсы жаппай ереуіл басталды

cover Фото: Reuters

Бүгін, 2 қыркүйек күні Израильдің ең ірі кәсіподақ федерациясы «Гистадрут» ХАМАС ұйымының тұтқынында отырған израильдіктерді дереу босатуды талап етіп жалпы ереуіл жариялады.

Бұл туралы BBC хабарлады.

Ереуіл таңғы алтыда басталып, күні бойы жалғасады. Федерация басшысы Арнон Бар-Давид Израиль билігін ХАМАС-пен келіссөздерді саяси себептермен кешіктіріп жатыр деп айыптады.

 «Келісімнің орнына біз мәйіттер алып жатырмыз», — деді Арнон Бар-Давид.

Ол Газа секторында ХАМАС террористері өлтірген алты тұтқынның денесі табылғанын айтты.

Ереуіл нәтижесінде бірқатар мемлекеттік және муниципалдық мекемелер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және халықаралық «Бен Гурион» әуежайы жұмысын тоқтатты. ЖОО-лар, мектептер және балабақшалар ішінара жабылды, ал медициналық мекемелер демалыс күні режимінде жұмыс істеп жатыр. 800 мыңға жуық мүшесі бар «Гистадрут» федерациясы өз мақсаттарына жеткенше акцияны жалғастыруға бел буған.

Жаппай ереуілге шығу туралы шешім израильдік әскери күштердің ХАМАС тобының туннелінің жанынан бірнеше күн бұрын өлтірілген алты тұтқынның денеcін тапқаннан кейін қабылданды. Құрбандар арасында 2023 жылдың 7 қазанында Nova музыкалық фестивалінде тұтқынға алынған бес адам бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар