ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды

cover Фото: @kaztag_kz твиттер парақшасынан

КазТАГ редакциясының басшысы Әсет Матаев ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласындағы Медеу ауданында ер адамдар ерегісіп, арты төбелеске ұласқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, М және Р есімді азаматтар мас болып ойын-сауық мекемесінен шығады, екі ер адам ол арада сөзге келіп қалған. Олар бір-біріне тіл тигізіп, кейін арты төбелеске ұласқан», деп пікір білдірді полиция департаменті. 

Полиция төбелеске қатысушыларды дереу ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп қосты департамент. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталған болатын.

Оқи отырыңыздар:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар