Қазақтар мен мұсылмандарды «мамбет» деген Мұхамадиева сот залынан босатылды
Коллаж Orda.kz
Қазақтар мен мұсылмандарды «мамбет» деп кемсіткен жазбалардан кейін қамауға алынған Алика Мұхамедиева сот залынан босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор айыпталушыға 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, алайда үкімнің орындалуын төрт жылға — оның қызы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруды өтінді.
Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды.Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды. Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды. Алика Мұхамадиева 3,5 жылға бас бостандығынан айырылатын болды.
Еске сала кетейік, Алика Мұхамадиева әлеуметтік желі Threads-те қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған жазбалар жариялаған соң қоғамда үлкен резонанс туды. Артынша оған қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша – «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру» бабымен айып тағылды.
Сотта Мұхамадиева сол кезде ауыр күйзелісте жүрген соң сондай әрекетке барғанын және бұған дейін жол апатына түсіп, әжесінен айырылғанын айтты.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен