«Қазақстанның Ресейге қосылуы жайлы референдум»: Фейкті әлеуметтік желілерде кім және не үшін таратты?
Фото: Instagram/ablyazov_mk
Әлеуметтік желіде 23-24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) сессиясында «Қазақстанның Ресей құрамына қосылуы туралы» референдум жарияланады деген ақпарат таралды. Бұл араңдатушылық кімге және не үшін қажет еткенін Orda.kz зерттеп көрді.
Ақпарат қайдан пайда болды?
Жұртты өре түрегелткен ақпараттың авторы елден кеткен, іздеудегі саясаткер, экс-банкир және Қазақстанда сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған Мұхтар Әбіләзов. Әбіләзовтың наурыз айының соңында жариялаған бейнежазбалары мен жазбалары ондаған мың қаралым мен пікірлер жинап, қоғамда резонанс тудырды.
Әбіләзов өз мәлімдемелерінде «әртүрлі арналар арқылы» ақпарат алғанын және «биліктің жоспарын бұзу» үшін қоғамға алдын ала ескерту жасау жайлы шешім қабылдағанын айтқан. Үндеулерінде биліктің «Ресейге қосылудан» бастап, Белорусь сценарийі бойынша «одақ» құрмақ екенін айтады.
«Қазір біз Путин мен Тоқаевтың Қазақстанды Ресеймен одақтас мемлекет деп жариялауды көздеген жоспарларын бұзуымыз керек. Дәл Дариға Назарбаеваны Қазақстан президенті етіп тағайындамақ болғанда кедергі жасағанымыздай бұған да қарсы шыға аламыз!» ,- деп мәлімдейді Әбіләзов.
Бұл ойластырылған жоспарға ұқсайды. Себебі расымен осыдан кейін ассамблеяда мұндай мәлімдемелер айтылмаса, өзінің жеңісі етіп көрсетуі ғажап емес.
Factcheck.kz мәліметіне сүйенсек, Әбіләзовтың жеке арналарындағы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралған. WhatsApp-та Қазақстан халқы ассамблеясы референдум жариялағаны туралы айтылды. Сондай-ақ, сессияның өтетін күндері — 23-24 сәуір.


Әбіләзов алғаш рет «референдум» туралы 2024 жылдың қазан айында, АЭС құрылысын салу бойынша өткізілген референдумнан кейін айтты. Сол кезде «келесі қадам» Ресеймен одақ құру туралы референдум болатынын мәлімдеді, бірақ нақты мерзімдерін айтпады.
Қазіргі уақытта не белгілі?
«Референдум» туралы ешқандай ресми хабарламалар жоқ. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев 34-ші ҚХА сессиясын шақыру туралы жариялады. Бірақ Ақорда мен ҚХА мәлімдемелерінде референдум туралы айтылмаған.
1 сәуірде ҚХА төрағасының орынбасары Лұқмар Буларов референдум туралы ақпараттың «жалған және араңдатушылық» екенін мәлімдеді. Буларовтың сөзінше, бұл мәселе «тіпті талқыланбайды да».
Теория қайдан шықты?
«Республикалық референдум туралы» заңға сәйкес, тек Конституцияға сай келетін мәселелер ғана дауысқа салына алады. Қазақстанның тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны референдумға шығарылуы мүмкін емес.
Қазақстан халқы ассамблеясы — кеңесші орган, ал референдум тағайындау құқығы тек президентте бар. 2022 жылы Тоқаев ҚХА арқылы Конституцияға түзетулер енгізу үшін дауысқа салуды ұсынды. Бірақ осы жағдайда ешқандай ұқсас мәлімдеме жасалмаған.

Әбіләзовтың бастапқы мәлімдемесі нақты тексерілген фактілерге сүйеніп айтылмаған болжамдар ғана.
23-24 сәуірде ҚХА сессиясында референдум туралы айтылатынына дәлел болатын бірде-бір сенімді дерек жоқ. Сонымен қатар, ассамблеяның өзі мұны жоққа шығарды. Ал жалған ақпарат таратқандарды полиция ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. Мұндай жағдай Қарағанды облысында тіркелді.
«Қарағанды облысы полициясының қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін облыс тұрғындарын анықтап, ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты», деп түсіндірді өңірлік полиция департаменті.
Ал ел президенті қазіргі кезде Самарқанда жүр. Қазақстан жеңістің 80 жылдығына қызу дайындалып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге 2,5 млрд теңге жұмсалатыны айтылды. Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазған болатын. Ал Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Тоқаев «Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өтіп жатқан бүгінгі саммитте Украина жайлы Қазақстанның жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді үнемі қолдайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр